Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Сербия өзара тауар айналымын 5-6 есеге арттыруы мүмкін - Александр Вучич

  • AstanaTV
  • 09 қазан 2018
  • 2508

Ал, бұдан былай елде серб компанияларының саны еселеп артуы ықтимал. Алдағы екі жылда қос ел өзара тауар айналымын 5-6 есеге арттыруды көздейді. Қазақстан-Сербия бизнес форумында «Астана» телеарнасына эксклюзивті сұхбат берген Сербия Президенті осылай,- деді. Александр Вучичтің айтуынша, тауар айналымы көкөніс пен жеміс-жидек саудасы және әскери өнеркәсіп саласындағы келіссөздердің арқасында артады. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 59 пайызға ғана артқан. Сондықтан, тараптар форумда сауда-саттықты дамыту үшін әуе тасымалы және құрылыс саласында бірнеше меморандумға қол қойды.  

Александр ВУЧИЧ, СЕРБИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Біздің тарап сіздердің ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, әскери-техника, құрылыс саласындағы кәсіпкерлеріңізбен кездесті. Екі мемлекет арасындағы сауда айналымы артады деп үміттенемін. Қазір ол өте төменгі теңгейде. Алайда, біз оны алдағы 2 жылда 5-6 есеге арттыра аламыз.

А. Бектас