Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда бір жылда жүйке жүйесі науқастарының саны 14 пайызға артқан

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2018
  • 5697

Бүгін бүкіләлемдік психикалық денсаулық күні. Дәрігерлер Қазақстанда психикалық ауруларға жаңадан шылдыққандар санының көбейіп жатқанына алаңдаулы. Биыл Алматыда былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жүйке ауруына шалдыққандар 14 пайызға артыпты. Мұның нақты себептерін дәрігерлер неден көреді? Әлеуметтік желілер мен интернеттің оған әсері қандай? Тілшілеріміз Алматыдағы психикалық аурумен зардап шегіп жатқан науқастардың өздерімен тілдесіп, мәселенің тамырын басып көрген болатын.  

Осы күнге дейін қоғам үшін жабық болып келген психикалық аурулар клиникасы мынау. Палаталарда ем алып жатқан әрбір науқастың өз тағдыры бар. Ерлер және әйелдер бөлімшесі болып бөлінген мекеменің әдеттегі ауруханалардан айырмашылығы көп емес. Тек бөлмелерге есік қойылмайды. Терезелері тормен жабылған. Емделушілерге аяқ киімнің бауы, белдік немесе өткір құралдар пайдалануға қатың тиым салынған.

ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЕМДЕЛУШІСІ: 

Ол кезде енді көңіл күйім болмайды, ештеңке істегің келмейді. Адаммен сөйлескің келмейді. Көргің келмей қиналатың кездерім болады.

Фардана ХАЛЫҚОВА, «ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» МКК БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Мұндай науқасқа шалдыққан адам ешқашан өздігінен ауруын мойындамайды. Ол созылмалы түрге айналған кезде ғана мамандарға жүгінеді. Көбіне адамның мінез-құлқының өзгергенін, қылықтарының құбылғанын және ұйқысы қашып, тәбетінің болмауын көбіне туыстары байқайды.

Алматыда қазір 10 мыңнан астам адам психикалық клиникалардың есебінде тұр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға артқан. Жылына орта есеппен 300 адам жүйке жүйесі аурулары клиникасына келіп емделеді.  

Сапар РАХМЕНШЕЕВ, «ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» МКК ДИРЕКТОРЫ: 

Бізде қазір 10 мың 600 адам есепте тұрса солардың 70 пайызы шезофриния, яғни, тұқым қуалайтын аурулар. Жұрттың бәрінің ойлайтыны, осы психикалық аурумен ауыратындар сөйлесе алмайды, жұмыс істей алмайды деген түсінік қалыптасқан. Бұл қате пікір. Олар уақтылы дәрісін ішіп, емін қабылдап, кеңесін алып отырса, олар қалыпты адамдар. Жұмысқа жарамды, отбасылары бар адамдар.

Психикалық ауытқушылықтарға тұқым қуалаушылықтан тыс өзге факторлар да әсер етеді. Мамандардың айтуынша, жүйке жүйесінің ауруының қоздырғышы ретінде технологияның дамуы, соның ішінде ғаламтор мен компьютерлік ойындарға деген тәуелділік алдыңғы орынға шығып кеткен. Дәрігерлер ата-аналарға балаларды осы ғасыр індетінен қорғауға шақарады. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ, ТІЛШІ: 

Дүниежүзіліқ денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары 2020 жылға қарай психикалық аурулар мен жүйке жүйенің тозуы науқасы жүрек қан-тамыры ауруларынан кейінгі екінші орынға шығады деп болжап отыр. Мұндай ауруға шалдыққандардың 90 пайызы өз өзіне құл салады. Яғни, әлемде әрбір 100 мың адамның 16-сы осы себептен суицидке барады.

Р. Асқарбекұлы