Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде ақылы қызмет тарифтері қымбаттады

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2018
  • 3121

Елде ақылы қызмет көрсету құны қымбаттады. Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің бағасы 3,5 пайызға артқан. Оның ішінде күл-қоқыс шығару құны айтарлықтай өсіп отыр. Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі тарифтері де жоғарылады. Электр қуаты мен орталық жылумен қамту қызметі 3,5 пайызға шарықтаған. Медициналық қызмет құны да қалысар емес. Жыл басталғалы 5 пайызға өсіп отыр. Оның ішінде стоматологтар қызметі жоғары. Жолаушылар көлігі тарифі де өсті. Теміржолмен қатынау 7 пайызға қымбаттады. Әуе билетінің құны тіпті 12,4 пайызға ұлғайды. Автобуспен және таксимен қатынау да арзан болмай тұр. Байланыс қызметінің тарифтері шарықтады. Кабельді телеарна, ұялы байланыс, тіпті көп қолданылмаса да телефон қызметінің бағасы да артып отыр. Ал, пошта қызметі 4,3 пайызға қымбаттаған. 

Г. Меңдеева