Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәсіпкерлердің 122 миллиард салықтық өсімдері мен айыппұлдары кешіріледі

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2018
  • 3690

Үкімет кәсіпкерлерге «салықтық амнистия» жасап қана қоймай, айыппұлдар мен өсімақының шығу себептерін жоюы керек. Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттық сауал жолдаған Азат Перуашев осылай,-деді. Депутат шағын және орта бизнес өкілдерінің салықтық қарызы қаңтарда 257 миллиард теңгеден асқанын айтады. Алайда, оның 122 миллиардын айыппұл мен өсімақы құрайды. Ал, мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасаған «ЛС» порталы қыркүйекте кәсіпкерлер салығы 327 миллиардқа жеткенін хабарлады. Оның 142 миллиарды айыппұл мен өсімақы. Бұған дейін Президент жолдауында негізгі қарызын өтеген кәсіпкерлердің айыппұлы мен өсімақысы кешірілетінін айтқан еді.  

Азат ПЕРУАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Бұл тапсырма бұрыннан келе жатқан талап қою мерзімінің артықтығы салық дауын көтереді. Елде талап қою мерзімінің 5 жылға белгіленуі қарызды қолдан көтеруге әкеледі. Айыппұл мен өсімақы негізгі қарыздан артық болып, кәсіпорынның күнкөрісі қиындайды. Сондықтан, Үкімет талап ету мерзімін 5 жылдан 3 жылға қысқартуы керек.

Ал, «Нұр Отан» фракциясының депутаттары «7-20-25» бағдарламасын танымал ету үшін екінші нарықтан үлескерлер пәтерін сатып алуды ұсынды. Депутат Бахтияр Мәкен құрылысшылар ұсынатын жаңа үйлер тапшы екенін айтады. Оның үстіне былтыр құрылыс саласына 348 млрд теңге инвестиция құйылса, оның 188 млрдын үлескерлер салған көрінеді.   

Бақтияр МӘКЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Ұлттық банкке үлескерлерден үлестік құрылыс негізінде сатып алынған, салынған мерзімі үш жылдан аспайтын пәтерлерді сатып алу механизмдерін қарастыруды ұсынамыз. Бұл «7-20-25» бағдарламасына енгізілетін бұл өзгеріс халықты кеңінен қамтып, бұқаралық сипат береді.  

Г. Меңдеева