Русский Сайттың толық нұсқасы

Храпуновтың ұлы Қазақстаннан АҚШ-қа шығарылған ақшаны заңдастыра алмады-Бекетаев

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2018
  • 2808

Виктор Храпуновтың ұлы Ілияс Храпунов Қазақстаннан АҚШ-қа аударған ақшаны заңдастыра алмады. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді. Ол Құрама Штаттар сотына шығым түсіргенмен, активтерін алып үлегермепті. Бекетаев елдегі сот кезінде шет елдік банктерге және жылжымайтын мүлік агенттіктеріне сұрау салынғанын айтады. Қазір құжаттар құқық қорғау органдарына берілген. Екі жыл бұрын белгілі америкалық сайт Храпуновтар әулетіне тиесілі қымбат мүліктерді жариялаған. Оның ішінде Нью-Йорктің қақ ортасында орналасқан Дональд Трамптың қонақ үйіндегі апартамент те бар. Еске салайық, 8 қазанда экс-әкімі Виктор Храпунов сырттай 17 жылға соталды. Әділет министрі енді Храпуновтың ұлы Калифорнияда бұрынғыдай сайран салмайды деп отыр.  

Марат БЕКЕТАЕВ, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ:  

Ильяс Храпунов туралы айтатан болсам, ол тыныш өмір сүрем деп ойламасын. Қолындағы қаржының қызығын көрмейді. Калифорнияда бұрынғыдай сауық-сайран құрып еркін өмір сүре аламайды. Голливуд жұлдыздарын шақырып, бай-бағландардың кештеріне де қатыса алмайды.

Д. Сапарқызы