Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда 8 жыл қаңырап бос тұрған «Биохим» зауыты қайтадан іске қосылды

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2018
  • 2698

Солтүстік Қазақстан облысында 8 жыл қаңырап бос тұрған «Биохим» зауыты қайтадан іске қосылды. 2006 жылы ашылған кәсіпорын отандық мұнай өңдеу зауыттары қажет ететін «биоэтанол» сұйығын шығаруы тиіс болатын. Материал жанармайдың октанды үлесін көтереді. Алайда, өнімге сұраныс болмай, теңдесі жоқ зауыт 2010 жылы тұралап қалған-ды. Араға 8 жыл салып, кәсіпорын жұмысы қайта жанданды. Жаңғыртылған зауыт көпсалалы болмақ. Бүгін компания өкілдері крахмал, балауыз бен жем өндірісін бастады. Кәсіпорынның ерекшілігі-қондырғылар төмен сапалы бидайды өңдемек. Оның қалдығы малға азық болады. Бұл мақсатқа демеушілер 5.5 миллиард теңге инвестиция құйған. Ал, «биоэтанол» өндірісі келесі жылы қолға алынбақ. Жергілікті атқамінерлер өнім өткізу үшін, инвесторлармен келіссөздер жүргізе бастапты.  

Әлихан ТАЛҒАТБЕК, ИНВЕСТОР: 

Бизнесті дер кезінде ашу керек. Өткен жолы зауыттың өніміне сұраныс болмады. Өндірісте технологиялық және экологиялық қателер болды. Қазір біз бұл мәселелерді шештік. Өндірістен қалған су таза қалпында шығады. Бізде экологияға зор мән берілген. 

А. Курманкин