Русский Сайттың толық нұсқасы

Істі енді бастаған кәсіпкерлерге несие алуға бөлінген қаражаттың тек 24%-ы игерілген-«Нұр Отан»

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2018
  • 2325

Президенттің «шағын несие беруді арттыру» тапсырмасы дұрыс іске аспай жатыр. Мәселен, бизнесті енді бастағандарға несие алуға берілген қаражаттың тек төрттен бірі ғана игерілген. Бұл туралы Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру бойынша өткен Қоғамдық кеңестің отырысында «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев айтты. Ал, Ұлттық экономика министрі жекеменшік банктерді міндеттуге құқымыз жоқ,-дейді.  

Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:  

Екінші деңгейдегі банктер жұмыс істемейтін қарыздарды ескере отырып,кәсібін жаңа ғана бастағандарға, әсіресе жеке кәсіпкерлікке күмәнмен қарайды. Дегенмен, бұл тәуелсіз қаржы институттары болғандықтан, біз оларды мәжбүрлейтін емес, ынталандыру бағытында жұмыс жасауымыз керек. 

1 қазанға дейін 8 мыңнан астам адам шағын кәсіпкерлікті ашуға және дамытуға , оның ішінде ауыл шаруашылығы несиелерін алған. Бұл көрсеткіш жылдық жоспардан сәл ғана асады. Қарыз алып, бизнес бастауға Атырау және Маңғыстау облыстары құлықсыздық танытып отыр.  

Қаныбек ЖҰМАШЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:  

Несиелендіру бойынша биылға бөлінген қаражаттың, яғни, 10,5 - 2,6-сы әлі «Дамудың» есепшотында жатыр. Екінші деңгейлі банктерге ақша берілген жоқ. Салдарынан ақшаның 24% ғана игерілді.  

Қоғамдық кеңесті алаңдатып отырған мәселе бойынша жаңа ұсыныстар қабылданды. Кеңес Төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов, Президенттің 5 бастамасы мен жолдауы халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталғанын айтты. Және оның орындалуына қарай атқарушы биліктің жұмысы бағаланатынын атап өтті. 

Ғ. Қылышбаева