Русский Сайттың толық нұсқасы

Мамандар Кіші Аралдағы балықтың қырылып қалуына бірнеше фактор себеп болуы мүмкін деп отыр

  • AstanaTV
  • 10 тамыз 2017
  • 2496

Көкаралдағы балықтардың қырылуына қатысты бірнеше болжам бар. Ол күннің қатты ысып, суда оттегінің болмауы. Немесе Көкарал бөгетінде балық өткізгіш қондырғының жоқтығы. Кіші Арал мен Ұлы Арал теңізді жалғап отырған Көкарал бөгетінде балықтын қырылып қалуын мамандар осылай болжап отыр. Балық өткізгіш болмағандықтан шабақтар сумен Үлкен теңізге қарай кетіп жатқан көрінеді. Ал нақты себептерін мамандар зерттеуден кейін айтады. Ал қырылып қалған балықтың саны белгісіз. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязовтың айтуынша, биыл Арал теңізіне құйылып жатқан судың мөлшері көп. Былтыр 2-2,5 миллиард текше метр болса, биыл екі есеге артық.

Серік Қожаниязов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары:

Азды-көпті жыл сайын орын алады. Біріншіден, су көп болды. Екіншіден, су ыстық. Балық зерттеу институтының мамандары келіп, өлшеді судың ішіндегі кислородтың құрамын қарап шықты. Бір жерде көбірек, бір жерде азырақ.  Мұндай жұмыстар тосын, бүгін ғана болып жатқан жоқ. Соңғы рет бұдан да көп мөлшерде 2013 жылы болған. 

Көкарал бөгетінде жедел түрде мелиоративтік шаралар ұйымдастырылып, шабақтарды құтқару шарасы мерзімінен бұрын басталды.  Күніне қазір орта есеппен 500 мың тонна майда балық көл-тоғандарға жіберіліп жатыр.