Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық онкологиялық орталық құрылысы биыл басталады-Біртанов

  • AstanaTV
  • 12 қазан 2018
  • 2951

Ал, Астанада онкологиялық орталық құрылысы биыл басталады. Онда қатерлі ісікті анықтау мен емдеудегі соңғы технологиялар қолданылмақ. Бірер сағат бұрын президент қабылдауында болған Денсаулық сақтау министрі осылай деді. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық онкоорталықты құру туралы министрлік пен «Назарбаев университетінің» концепциясына қол қойды. Елжан Біртанов қазақстандықтар ең күрделі және қымбат технологиялармен осы орталықты емделе алатынын айтты.  

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: 

Бұл жоба онкологиялық аурулармен күресу кешенді жобасы аясында іске асырылады. Биыл оны Президенттің тапсырмасымен әзірлеп, мақұлдаған едік. Бұл барлық онкологиялық жүйелерді дамытуды көздейді. Өңірдегі орталықтар диагностика үшін заманауи қондырғылармен жабдықталады. Ол позитронды-эмиссионды томография және сәулелі терапия. Жоспардың бекітілуі мен қаржының бөлінуіне байланысты жеке инвесторлар тарта аламыз. Аймақтардағы онкоорталықтарға қаржы құйып, жабдықтауда мемлекеттік-жекменшік әріптестікке ұсынысымыз бар.

Г. Меңдеева