Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада мектеп тамағын дайындайтын комбинат ашылуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 15 қазан 2018
  • 2796

Астанада мектеп тамағын дайындайтын комбинат ашылуы мүмкін. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жүзеге аспақ. Астана қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин жақында инвесторлармен келіссөз жүргізілетінін айтты. Бұл тамақ сапасын артырып, саладағы проблемаларды шешпек.  

Әнуар ЖАНҒОЗИН, АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Бүкіл ұсыныстарды біз министрлікке жібердік. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы тамақтандыруды ұйымдастыру. Сонымен қатар, басқа да осыған қатысты ұсыныс та біздің тарапымыздан министрлікке түскен. Бұйрыққа осы өзгерістер орын алғаннан кейін біз жаңартылған бұйрық арқылы тамақтандыру камбинатын сатып аламыз.

Енді мектеп оқушылары асханаға төлемді автобус картасы арқылы жасай алады. Бұл асханадағы ұзын-сонар кезекті болдырмайды. Әрі ата-ана баласының ақшаны қайда жұмсағанын бақылай алады. Пилоттық жоба әзірге Астанадағы оқушы саны көп мектептерге енгізілген. Бастама тиімділігін көрсетсе, басқа білім мекемелерінде де жүзеге асады. Сондай-ақ, ата-аналар қауымдастығы мектептегі ас дайындау бөлмесіне камера орнатуды ұсынып отыр.  

Татьяна КОРШУНОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ АТА-АНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:  

Ас дайындау бөлмесінде жұмыс таңғы сағат 5-6-да басталады. Мектепте ешкім тамақ дайындауда қанша ет салынған-салынбағанын таң атпай келіп бақылай алмайды. Тек бейнебақылау камерасы ғана осы жүйені қадағалауға мүмкіндік беретін еді.

А. Бектас


https://youtu.be/ZQURTU4DfQA