Русский Сайттың толық нұсқасы

Жыл басынан бері елде 17 мың адам қатерлі ісікке шалдыққан

  • AstanaTV
  • 15 қазан 2018
  • 2746

Жыл басынан бері елде 17 мың адам қатерлі ісікке шалдыққан. Ал жаңа онкоорталықтың ашылуы талай адамды ажаладан арашалап қалмақ. Мамандар осындай пікірде. Өйткені, статистика қорқынышты. Ауруға шалдыққандар көбейіп, дерт жасарып барады.  

68 жастағы Мариям Серікбаеваға сүт безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылған. Тез арада ем қабылдап, ота жасатқанның арқасында бірер күнде немерелерімен қауышады. Науқас мамандардың біліктілігіне шүбә келтірмейді.  

Мариям СЕРІКБАЕВА, ЕМДЕЛУШІ: 

Бұрын болмаған мен 60-70 жылдары мұндай ауруды мен тіптен естімегенмін. Даже 80 ші жылдары да бұл аз болды. Осы дәл қазір барлығы біледі,қатерлі ісік өте көп. Көкіректен. Бұл 4 стадияға бөлінеді екен. 1,2,3,4. Соның бірінші стадиясында келсек өзімізге жеңіл екен өзімізге.

Науқастарды емдеуде жаңа әдіс пен жаңа технология керек. Мамандар Президент тапсырмасын қолдайды. Бұл орталық обырдың түрлі деңгейімен ауыратын науқастарға үміт сыйлап отыр,-дейді.  

Надежда ПЕТУХОВА, ЕУРАЗИЯЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ: 

Орталықтың ашылуы біріншіден, аймақтардағы онкомамандардың біліктіліктерін арттыруы тиіс. Бізде аймақтарда әртүрлі сатыдағы қатерлі ісікті анықтайтын технологиялар бар. Мамандар да әзірленді. Ал, жаңа орталық жоғарғы технологиялық операциялар жасау әдісімен адамдарды қауіпті аурудан қорғап қалуға мүмкіндік береді. 

Қазір елде 179 мың адам обырмен ауырады. Жыл сайын 35 мың адам аты жаман ауру тізіміне енсе, 15 мыңы көз жұмады. Әсіресе, солтүстік өңірде бұл статистика өршіп тұр. Жаңа орталық ашылса протонотерапиямен сирек кездесетін көз, ми ісігі секілді 1600 науқасты емдеуге болады. Қазақстандықтар сәулелі терапия және киберпышақтың да пайдасын көрмек. Соңғысы жұлын мен мидағы қатерлі ісіктерді емдеуге мүмкіндік береді.   

Надежда ПЕТУХОВА, ЕУРАЗИЯЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:  

Мені медицина қызметкері ретінде медицина саласына көрсетіліп жатқан қолдаулар қуантады. Бұл біріншіден, медицина сапасына оң әсерін тигізеді.

Елбасы жолдауында орталықты салар кезде кардиоорталық пен нейрохирургия орталығын салғандағы тәжірибиені қолдануды қадап айтты. Ал, онкологиялық орталық құрылысы биыл басталмақ.  

У. Қабылтайұлы