Русский Сайттың толық нұсқасы

Халқының саны 500 мыңға жеткен Ақтөбенің миллион халқы бар қала болғанын қалаймын-Президент

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2018
  • 3791

Ақтөбеде екі бөлмелі пәтер құны 11 млн теңгені құрайды. Аймаққа жұмыс сапарында қаладағы екі бөлмелі пәтер бағасын сұраған Президентке құрылыс компаниясының өкілі осылай деп жауап берді. «7-20-25» бағдарламасы аясында пәтердің алғашқы жарнасы 2 млн теңге. Бағдарлама арқылы баспанаға ие болған ақтөбелік Бекзат Оразәлі бастама жас отбасылар үшін қолжетімді екенін айтты.  

«ЭКСПО» көрмесінде таныстырылған жасыл технологияны тәжірибеде қолдану аса маңызы. Энергия тиімділігі орталығының жұмысымен танысқан Президент осылай,-деді. Орталық баламалы энергетика технологиясын көрсетуге бағытталған. Бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысанды аралаған Мемлекет басшысы өңірде атқарылған жұмыстарға оң баға берді. Президент халқының саны 500 мыңға жеткен Ақтөбенің Шымкент, Астана сияқты миллион халқы бар қалаға айналғанын қалайтынын айтты.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Менің бүгін көргенім толық көңілімнен шықты. Өйткені, облыста Жолдауға қатысты нақты жұмыстар жасалуда. Әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер қарқынды тұрғызылып жатыр. Облыс экономикасы 5 пайызға өскен. Бұл қазірдің өзінде жоғарғы көрсеткіш. Сол үшін оң баға беремін.

Президент Ақтөбеден соң Финляндияға ат басын тіреді. Екі күндік сапар аясында Финляндия Президентімен келіссөздер жүргізу жоспарланған. Мемлекет басшысы бұл сапарында энергетика және ядролық қауіпсіздік саласында дипломатиялық құжаттарға қол қоймақ.

А. Бектас