Русский Сайттың толық нұсқасы

Букмекерлік кеңседе бәс тіккендер Қазақстан құрамасы жеңіске жетеді деп болжайды

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2018
  • 2250

Жасыл алаңға шыққан Қазақстан мен Андорра ойынында қазақ құрамасы жеңіске жетеді. Букмекерлік кеңселерге бәс тіккендер осындай болжам жасаған. Олар Андорра ойыншыларының сыртқа шықса гол соқпайтын әдетін есепке алып отыр. Дегенмен, ойынның немен аяқталары әзірге белгісіз. Қазір тілшіміз Әлішер Өмірзақ «Астана-Аренадан» тікелей байланысқа шығып тұр. Әлішер, ойын қалай өтіп жатыр?  

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:

Қайырлы кеш, Ләйлә! Ия, Ұлттар лига аясындағы Қазақстан-Андорра ойыны тартысты басталды. Әзірге есеп 1/0. Айта кетсек, бірінші кездесу Андоррада өтіп, қос құрама 1-1 есебімен тең тарқасқан болатын. Осыған дейін екі тең ойын және бір жеңілісі бар ұлттық құрама бұл ойында жеңіске жетеміз деп отыр. Ал, жанкүйерлер не ойлайды екен? Болжамыңыз қандай?

Ал, «Астана» арнасының тұрғындары үшін ойын барысын жарты сағаттан соң орыс тіліндегі жаңалықтарда хабарлайтын боламын. Ләйлә..

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА: 

Рахмет, Әлішер, күтетін боламыз! «Астана-Аренадан» тікелей байланысқа шыққан тілшіміз Әлішер Өмірзақ.  

Ә. Өмірзақ