Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ Иранның 20 компаниясы мен банкіне қарсы санкциялар енгізді

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2018
  • 2666

АҚШ Иранға қарсы кезекті санкциялар енгізді. Бұл жолы қара тізімге 20 компания мен банк ілінген. Олардың қатарында инвестициялық компаниялар, қаржы топтары, мырыш өндіру және болат құю өндірісімен айналысатын кәсіпорындар, кооперативтік қор және трактор зауыты бар. Барлық ұйымдар Иранда тіркелген. Тізімді АҚШ Қаржы министрлігінің сайты келтірді. Сондай-ақ, АҚШ-тың заңды тұлғаларына тізімдегілермен кез келген бизнес жүргізуіне тыйым салынды. АҚШ Қаржы министрлігінің хабарлауынша, санкциялар Ислам революциясы күзетінің корпусына бағынатын Басидж жасағына қаржылай көмек көрсетуіне байланысты енгізіліп отыр. Естеріңізге сала кетейік, биыл Вашингтон мен Тегеран арасындағы қарым-қатынас күрделене түсті. Оған АҚШ Президенті Дональд Трамптың АҚШ-тың 2015 жылғы ядролық келісімнен біржақты шығатыны жайлы мәлімдесі себеп.  

Ә. Өмірзақ