Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда волейболдан ел Кубогы өтіп жатыр

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2018
  • 3355

Атырауда ерлер арасындағы волейболдан ел кубогының шешуші кезеңдері өтіп жатыр. Өзара «кім мықтыны» анықтауға іріктеу ойындарында үздік өнер көрсеткен 8 команда шыққан. Биылғы финалдық ойынның Атырауда өтуі бекер емес. Өйткені, Атырау-былтырғы кубоктың иегері. Әрі Азия клубының күміс жүлдесін ұтып алған болатын. Биылғы спорт додасы Қазақстан волейболының 90 жылдығына арналды.   

Алғашқы ұпай. Текетірес ойын мен жанкүйерлер дауысы. Атыраулық спортсүйер қауым үшін бұл спорт мерекесі бір аптаға жалғасады. «Атырау», «Тараз», «Алтай», «Есіл СК», «Павлодар», «ТНККазХром», «Буревестник», «Маңғыстау» волейбол командалары ел Кубогына таласпақ. 

Ермек СЫРЛЫБАЕВ, ҚР ВОЛЕЙБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ: 

Негізі ұлттық лиганың 8 командасы қатысады. Бүгін екі ойын өтті. Екі ойын да жоғары деңгейде өтті. Атырау волейболы былтыр осы ҚР Жеңімпазы болып атанды. Азия клубында да күміс медалға ие болды. Өте жақсы. Ерлер командалары жақсы. Енді жоспарымызда осы Атырау облысында әйелдер командасы ашылса деп ойлаймыз.

Айта кетейік, Қазақстанда алғаш волейбол командасы 1918 жылы құрылған. Волейбол федерациясы басшылығы мерейтойды сала ардагерлеріне құрмет көрсете отырып өткіземіз,-дейді. Ел Кубогының ақтық ойнында Атырау командасы осымен екінші жыл қатарынан қарсыластарын өз алаңында қабылдауда.   

Ринат ИБРАГИМОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Біздің команда 2017 жылды ҚР кубогонің жеңімпазы болған команда осы жылы осы нәтижені қайталаймыз деп ойлаймыз. Сол үшін халық болып, жанкүйер болып, отыр мында бәрі. Волейбол ойынның спорт түрін облыс деңгейінде кеңінен насихаттап, осы спортты кеңінен дамыту. Облыстың жастарымыз, жасөспірімдеріміз осы спорт түрін қарап, жанкүйер болып, қызығушылығын арттырып, бұдан да спорт түрі дамиды деп ойлап отырымз.

Соңғы жылдары Атырауда бұл спорт түріне деген қолдау айтарлықтай. Бүгінде облыс бойынша 300ге тарта жасөспірім волейболмен тұрақты айналасады. Олар үшін тегін. Былтыр әуесқойлар арасында жағажай волейболынан сайыс өтті. Енді облыста әйелдер волейбол командасын құру жоспарланып отыр. Ал, Ел Кубогының жеңімпазы 23 қазан күні анықталады. 

Б. Надирқызы