Русский Сайттың толық нұсқасы

Тағы бір жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2018
  • 3104

Елде тағы да бір жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Пайыздық мөлшерлемесі 12 пайыз. Бір артықшылығы басыңызда баспана болса да, болмаса да 40 млн. теңгеге дейінгі пәтерді ипотекаға сатып алуға мүмкіндік берілмек. Сондай-ақ, жаңа пайдалануға берілген үйлерден бөлек, қолданыстағы баспаналарға да қаражат беріледі. Өтеу мерзімі-20 жыл. Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамының өкілдері мәлімдеді. Бағдарлама «Орда» деп аталады. Оны жүзеге асыруға осы айдың соңына қарай 6 екінші деңгейлі банк кіріспекші. Ипотекалық ұйым биылғы жылдың соңына дейін 4 млрд. теңгеге несие беруді жоспарлап отыр.  

Әділ МҰХАМЕТЖАНОВ, «ҚАЗАҚСТАН ИПОТЕКАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АҚ ТӨРАЛҚА ТӨРАҒАСЫ:

Бұл өнім қазақстандықтардың барлық тап өкілдеріне арналған. Оған әлеуметтік деп қарап отырған жоқпыз. Несиенің негізгі 2 параметрі бар: оның алғашқы жарнасы 30 пайыз болады. Ал, берілетін сомманың жоғарғы шегі 40 млн. теңгеге дейін жетеді. Талаптары барлық аймақтар үшін бірдей. Ешқандай шектеу жоқ.  

Р. Асқарбекұлы