Русский Сайттың толық нұсқасы

Журналист Айзат Әбдісаматтың өліміне кінәлілер төрт жылға сотталуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2018
  • 3041

Ақтөбеде жантүршігерлік жағдайда лифтіде мерт болған журналист Айзат Әбдісаматтың өліміне айыпталғандар төрт жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Оларға прокурор осындай жаза тағайындауды сұрады. Пәтер иелері кооперативі басшысы мен механикке өз ісіне салғырт қараған деп айып тағылған. Ал, айыпталушылар бүгін сотта соңғы сөздерін айтты. Сол үйдегі лифтіге жауапты болған «Жаңабек сервис» мекемесінің басшысы Кенен Жаңабеков өз кінәсін ішінара мойындап, марқұмның жақындарынан кешірім сұрады. Ал, механик Жарылқасын Ақжанов өзіне тағылған айыппен тіпті келіспей отыр. Жәбірленуші тарап бұған дейін моральдық шығынды өтеген мекеме басшысы Кенен Жаңабековке қатаң жаза тағайындалмауын өтінді. Ал, механик Жарылқасын Ақжановқа қатысты шешімді соттың қарауына қалдырды.  

Жарылқасын АҚЖАНОВ, АЙЫПТАЛУШЫ: 

Менің түсінбейтінім отыз жыл өтілім бар. Мен неге сол лифтке перемычка қою керекпін. Бізде тіпті ондай қоюға тыйым салынған. 

Кенен ЖАҢАБАЕВ, АЙЫПТАЛУШЫ: 

Өз кінәмды ішінара мойындаймын. Менің қателігім техпаспорт пен техкуәліктердің болмауы, бірақ бұл адамға зиян келтірмейді ғой.  

Еске салсақ, оқиға осы жылдың сәуір айында 12 мөлтек ауданда көп қабатты үйде болды. Журналист Айзат Әбдісамат төмен түсіп келе жатып лифт есігіне қысылып қалып, көз жұмған болатын.  

Б. Рахметова