Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде лифтіге жауапты механик 4 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2018
  • 2570

Ақтөбеде лифтіде болған қайғылы жағдайға механик кінәлі деп танылып, 4 жылға сотталды. Ал, лифтіге жауапты болған мекеме «Жаңабек-Сервиз» ЖШС басшысы шартты жаза арқалады. Сот отырысын бақылаған Бақыт Рахметова баяндайды.  

Адам өліміне әкеп соқтырған лифтідегі қайғылы жағдайға қатысты екі адам айыпталды. Оның бірі құрылғының техникалық жағдайына жауапты мекеме басшысы Кенен Жаңабаев, екіншісі механик Жарылқасын Ақжанов. Сот Кенен Жанабаевқа 4 жылға шартты мерзім тағайындады. Бес жылға коммерциялық ұйымдарда лауазымды қызметпен айналысуын шектеді. Мұны естіген ол көзіне жас алды. Жазасының бұлай жеңілдетілуіне тараптардың өзара мәмлеге келуі де себеп болған. Ал, лифтіні жөндеген механик төрт жылға темір торға қамалатын болды.  

Ербол ӘБДІХАЛЫҚОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: 

Ақжанов Жарылқасын Ешімовичті ҚР ҚК 306 бабы 3 тармағы қарастырылған қылмысқа кінәлі деп танылып, оған төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. ҚР ҚК 46 бабы 5 бөлімі 1 тармағына сәйкес жазасын қауіптілігі орташа жазасын өтеу орнына жіберілсін.

Механиктің қолына сот залында қолына кісен салынып, сол бойы қамауға алынды. Оның үстіне сот жәбірленуші тарапқа 2 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуді міндеттеді. Айыпталушы жақындары үкіммен келіспей отыр. Олар аппеляцияға жүгінбек. 

Оқыс жағдай осыдан жеті ай бұрын 12 мөлтек аудандағы көп қабатты үйде болды. Айзат Әбдісамат өзінің үш жасар қызымен лифтімен төмен түспек болады. Осы кезде лифтіге қысылып қалып, қызының көз алдында мерт болған еді. Марқұм жақындарының үкімге көңілдері толады.  

Қайыржан ЕРҚАСЫМОВ, МАРҚҰМНЫҢ ЖОЛДАСЫ: 

Бұл адам өз кінәсін мойындамай тұр ғой. Тіпті, жерлеуге де келген жоқ. Ол сол перемычканы қойған сол екені дәлелденді ғой. Ол сол жұмыс үшін ақы алды. Лифт жұмыс істмей тұрған. Оны тоқтату керек еді. Тек сол өкінішті. Бұл оның жауапкершілігінде.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ: 

Бұл іске қатысты сот процесі бір жарымға айға созылды. Куәгерлер тыңдалып, тараптар соңғы сөздерін айтты. Айта кетейік, осы қайғылы оқиғадан кейін ғана қаладағы барлық көне лифтілер жаңартыла бастады.

Б.Рахметова