Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда ҰБТ-да шекті баллды жинай алмаған бітірушілерді жұмыспен қамтып жатыр

  • AstanaTV
  • 14 тамыз 2017
  • 2942

Қостанай облысында Ұлттық бірыңғай тесттен шекті баллды жинай алмағандар билік партиясының «Сәтті қадам» жобасы аясында жұмыспен қамтылып жатыр. Өткен жылы өңірдегі кәсіпорындармен және бірқатар мекемелермен 25 меморандум жасалған болатын. 

Биыл аймақта 1 898 түлек ұлттық сынаққа қатысудан бас тартқан. Жүзден астам жас шет мемлекеттердің жоғары оқу орындары мен колледждеріне түсіпті. Ал өзгелерінің қарекеті әзірге беймәлім. Айта кетейік, тобыл өңірінде 282 түлек Ұлттық бірыңғай тест барысында шекті баллды жинай алмаған. «Нұр Отан» партиясы өкілдері мен білім беру орнының басшылары, сынақтан сүрінгендердің жұмысқа орналасып немесе әрі қарай білім алуына жәрдемдесу керек, деп санайды. Олардың колледждерге түсіп, кәсіптік білім алуына, болмаса қосымша сынақ тапсыруына мүмкіндіктері барын айтты.

Еркін Әбіл, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры:

Тестілеудің нәтижесінде біз тағы балаларды бірақ ақылы түрде олар мемлекеттік грант ала алмайды, ақылы түрде ЖОО ала аламыз. Осы тестілеуден де өте алмаған балалар болса, онда біз қысқа дейін оларды шартты түрде институтқа, университеттерге алып, олар үшін жеке қаңтар айында қосымша тағы бір кешенді тестілеу болады, соның нәтижесінде енді балалар түссе, біз оларды бұйрық жасап, студенттер қатарына кіргіземіз. Онда да оны тапсыра алмаса, келесі жылға дайындалуға тура келеді.