Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжар өңірінде жақын арада 38 ауыл жойылмақ

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2018
  • 3230

Тап осы Қызылжар өңірінде жақын арада 38 ауыл жойылмақ. Бұл жайында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі мәлімдеді. Мұндай ауылдарда тұрғындар саны 10 адамнан аспайды. Мәдина Әбілқасымова келешегі жоқ елдімекендерге қаржы бөлу ысырап. Сондықтан, ауыз су, жол тарту, әлеуметтік нысандар құрылысы тек әлеуеті бар ауылдарда ғана жүргізіледі,-дейді. Бүгінде Солтүстік Қазақстанда 103 ауылдың болашағы бұлыңғыр. Оларда халық саны 50 адамға да жетпейтін көрінеді. Енді тұрғындарды көрші ауылдарға көшіру жоспарда бар. Жоба үш кезеңді қамтиды. Жыл соңына дейін, 38 ауылда тұрып жатқан 150 азамат көшіріледі. Бұған жергілікті бюджеттен қанша қаржы бөлінетіні әзірге белгісіз.  

А. Курманкин