Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада 15-ке жуық жеткіншек «Вирусты менингитпен» ауруханада жатыр

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2018
  • 2562

Астанада 15-ке жуық жеткіншек «Вирусты менингитпен» ауруханада жатыр. Бұл туралы қалалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері мәлімдеді. Айтуларынша, күн сайын мекемеге екі баланың бірі осы дертпен түседі. Вирусты менингиттен олар 11 күннің ішінде жазылып шығады. Биыл елордада менингитке 199 адам шалдыққан. Ал, былтыр 220 факті тіркелеген. Еске салайық, бұған дейін Астанада 8 оқушы «серозды менингитпен» ауруханаға түскені айтылған. Қазіргі таңда денсаулықтарына еш қауіп жоқ,- дейді дәрігерлер. 

Роза ӨТЕГЕНОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ БАЛАЛАР ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:  

Бүгінгі күні бұл аурудан ешқандай бір жамандық болған жағдай жоқ. Барлық түскен балақайларымыз аман сау емдаліп үйлеріне шығып жатыр. Өздерінің емдеу 10 күндік мерзіміне байланысты. Егер, дер кезінде жақсы емін алып жаса, асқынусыз балақайлар үйлеріне шығады.

Д. Сапарқызы