Русский Сайттың толық нұсқасы

Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді

  • AstanaTV
  • 13 қыркүйек 2016
  • 2634

Бүгін министрлер кабинетінің жаңа құрамы бекітілді. Тиісті қаулыға мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды. Үкімет құрамынан Әділет министрі Берік Имашев кетті. Енді ол Орталық сайлау комиссиясын басқарады. Ал министрлік тізгіні Марат Бекетаевқа тапсырылды. Ол бұған дейін Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарған.

Талғат Донақов басқарған мемлекеттік қызмет істері министрлігі тарады. Айта кету керек, аталған министрлік бір жылға да жетпейтін уақыт жұмыс істеді. Енді бұл ведомство агенттікке айналды, оны Қайрат Қожамжаров басқарады. Ол бұған дейін Жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросына жетекшілік еткен. Ал Талғат Донақов Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметіне ауысты.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ