Русский Сайттың толық нұсқасы

Теңізшілердің улануына қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болуы мүмкін-сарапшы

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2018
  • 2968

Иран теңізшілерінің қазасына қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп болуы мүмкін. Бұл туралы арнамызға «Северное зерно» компаниясының директоры айтты. Евгений Карабановтың айтуынша, астықты өңдеу кезінде таблетка пайдаланылады. Ол препарат бидайға қосылады. Бастапқы 30 минут ішінде буланып, улы газ шығады. Міне осы сәтте қауіпсіздік ережелері барынша сақталуы керек.   

Евгений КАРАБАНОВ, ТӘУЕЛСІЗ САРАПШЫ:  

Бұл жағдай экипаждың қауіпсіздік ережелерін сақтамауына орай болуы мүмкін. Яғни, жүктердің тығыздығы мен белсенді желдету жүйесінің істемеуі әсер етсе керек. Менің ойымша, артық концентрацияның болуы мүмкін емес. Өйткені, препараттар өте қымбат. Ешкім оны артық қосып өзі зиян шекпейді.  

Еске салайық, 19 қазан күні Иранның «Ақтау-Баку» бағыты бойынша бет алған құрғақ жүк кемесінде экипаждың жаппай улану оқиғасы тіркелді. 3 адам қайтыс болып, 8 адам ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Алдын ала болжам бойынша, теңізшілер кемедегі бидайдан улануы мүмкін екені айтылған. Оқиғаның себеп- салдарын Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аумақтық инспекциясы анықтап жатыр. 

Д. Алимкулов