Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдықтар үй іргесіндегі көпірдің жөнделуіне қарсы

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2018
  • 2361

Оралда көпір жөндеуге кіріскен қала әкімдігі тұрғындар қарсылығына тап болды. Шаһар билігі үйлері көпірге тым жақын орналасқан азаматтардан баспанасын уақытша босатуды талап еткен. Тұрғындар мұнымен келіспейді. Тіпті, уақытша тұратын үйдің пәтер ақысын әкімдік өзіміз төлейміз десе де, қарсы болып отыр. Себебі, құрылыс басында ауыр техника жұмыс істейді. Кейін үйіміз жарамсыз боп бүлінеді деп қорқады. Өйткені, құрылыс үш жылға дейін созылуы мүмкін.   

Асылхан ҚАЗИМУЛЛИН, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Ол үйге 70 жыл болған, 1948 жылы салынған үйлер. Астында фундаменті жоқ. Біздер айтсақ, ол кісілер түсінбейді: «Көшпесеңіз өзіңіз қараңыз, отыра бересіз, сіздерді забормен қоршаймыз, ешқайда выход болмайды»,-дейді. Білмеймін біздерді сонда енді, апарып бір жерге қамап тастаған сияқты болайын деп тұр.

Тимур ТӨЛЕУҒАЛИЕВ, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Мына жер жабылады, жабылғаннан кейін через кладбище жүресіңдер,-дейді. Сонда балалар таңертең, ертең қыста қараңғы болады. Сол кезде через кладбище қалай жүреді қараңғы болғанда? Тоже оларға қорқынышты ғой. Біз ладно өзіміз апарармыз. 3-4 оқитын балалар кладбищемен жүретін болса, оларға да қорқынышты ғой.

Бұл аумақта 50-ге тарта үй бар, бірақ көшуге қарсы шыққандар саусақпен санарлық. Тұрғындар кей көршілер жағдайдан бейхабар дейді. Арадағы дауға нүкте қою үшін, Орал қаласының әкімі ертең баспасөз мәслихатын өткізуге деп уәде берді.  

Е .Карин