Русский Сайттың толық нұсқасы

Монополистер тұтынушы есебінен 29 млрд теңге пайда тапқан

  • AstanaTV
  • 24 қазан 2018
  • 2458

Монополистер тарифтерді негізсіз көтеру арқылы тұтынушылардың есебінен 29 млрд теңге пайда тапқан. Сондай-ақ, сервистік қызметтер бағасын қолдан өсіріп, шығынды еселеп көрсеткен. Монополистерді Бас прокурордың өзі әшкереледі. Қайрат Қожамжаров мұндай бассыздыққа баруға Энергетика және Ұлттық экономика министрлігі тарапынан бақылаудың жоқтығы түрткі болған,-дейді. Прокурорлық тексерістен кейін 5 млн. 13 млрд теңгеге жуық қаражат тұтынушыларға қайтарылған.  

Андрей ЛУКИН, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Мәселен, «Астанаэнергосбыт» тарифті белгілеу кезінде электр энергиясы бағасын басқаша көрсеткен. Іс жүзінде оны 2 есе арзанға сатып алғаны белгілі болды. Нәтижесінде астаналықтардан 2,6 миллиард теңге артық өндіріп алған. Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында дәл осындай жолмен негізсіз 1 млрд теңге пайда тапқан.  

Ғ. Қылышбаева