Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде тұтас бір үйдің тұрғындары жылусыз отыр

  • AstanaTV
  • 25 қазан 2018
  • 3061

Ақтөбеде су жаңа үй тұрғындары қара суықта жылусыз отыр. Алпыс пәтерлі баспанаға тұрғындар мамыр айында кіріп алған. Бірақ, үйде ыстық су, жылу не газ да жоқ. Суықтан қалтырған бала-шаға бір бөлмеде бірнеше тоқ пеш қосып, жан бағуда. Бақыт Рахметова тарқатады.  

Гүлнәр Сағынтаева қақаған үйде мамыр айынан бері тұрып жатыр. Екі баланың анасы бір бөлмеге тоқ пештің бесеуін бірақ қосып қойған. Балғындар қалың киімдерін күні-түні шешпейді. Түнде бірнеше көрпе жамылады. Сонда да балалар салқын тиіп, бірнеше рет ауруханада жатып шыққан.  

Гүлнәр САҒЫНТАЕВА, ТҰРҒЫН: 

Бір жыл квартирада тұрдық. Енді квартираға төлей алмаймыз. Мына жаққа келіп тұрып жатырмыз. Отопление, газ жоқ. Үйде киіммен жүресіз бе? Иә, кішкентай бала уже больницаға екі рет жатып шықты одышкамен.

Бұл үйді мердігер компания 2017 жылы желтоқсанда тапсыруы керек еді. Алайда, тұрғындар пәтер кілтін биыл мамыр айында алған. Содан бері жылусыз, газсыз күн кешіп жатыр. 

Ольга КЕРЕЕВА, ТҰРҒЫН: 

Тепла нет, отопления нет, отопление на газу... Жылу жоқ, жылу газбен беріледі. Күнде ертең береміз,-дейді. Кілтті қолымызға жазда берді. Содан бері құр уәдеге тойдырды.

Сөйтсе, бұл үйге жылу маңайдағы мектеп салынып біткенде ортақ құбырмен тартылмақ. Бірақ, білім мекемесінің құжаттары дұрыс болмай шығып, газ тарту созылып кеткен. 

Денис ГРИГОРЬЕВ, СЖК «СТРОЙ-ТЕМИР» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Біз мектепке арнап тартылған жаңа газ құбырының іске қосылғанын күтпейтін болдық. Үйдің маңынан өтіп жатқан басқа құбырдан жылу алатын болып облгазбен келістік. Сол үшін құжаттарды қайта дайындап, қол қойдырдық. Қазір қызметін толық төлеп тастадық.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:  

Мердігер мекеме басшысы бүгін үйге жылу беріледі деп сендірді. Жылу қосу үшін арнайы мамандарды күтіп отырғанын айтады.

Б. Рахметова