Русский Сайттың толық нұсқасы

Жалға береген көліктерді ұрлағандар екі жылға сотталуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 25 қазан 2018
  • 3568

Тағы да Алматыдан ақпар. Уақытша жалға берілетін көліктерді ұрлаған бұзақылар екі жылға сотталуы мүмкін. Мегаполисте минутына жалға берілетін көліктерді мініп алып, тас талқан еткен жүргізушілер оп-оңай қолға түсті. Жуырда алып шаһарда каршэринг жұмысын бастаған. Талаптары жеңіл емес. Десе де, тіркеліп алып, көлік алғандар компания мүлкін тегін дүние көрсе керек. Енді тәртіп бұзғандар млн-даған айыппұл арқалайды. Әріптесім Олжас Нұржақып жалғасырады.  

Мына видеолар ғаламторда лезде тарап кетті. «Anytime» автокөліктерін тізгіндеген жүргізушілердің бірі техниканы жүруге жарамсыз етсе, енді бірі базарда жүк тиеп әлек. Ал, мына кадрда азаматтар «Сайран» көлінің балшығына батқан жалдамалы көлікпен алысып жатыр.  

Кейін белгілі болғандай көлікті үйдегі анасы жалға алған. Телефон қосымшасы арқылы есігін ашып, достарымен жолға шыққан. Полиция бұзақыларды бірден ұстады. Өрескел қылағы үшін 20-дағы жігіт тергеліп жатыр.  

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ІІД РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Қазіргі таңда осы автокөлік иелеріне бірқатар материалдық залал келтірілді. Ол залалдың мөлшері міндетті түрде құзырлы органдармен саналып, істің материалдарына тіркелетін болады. Қылмыстық Кодекстің 200-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, Әуезов аудандық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінде тергелуде.

Қазір мегополисте дәл осы қызғылт сары түске боялған каршерингтің жүз данасы бар.  

Полиция оқыс оқиғаларды жоба жетекшілері тарапынан арыз түскен жағдайда ғана тексеріс жүргізеді. Бастама шаһарда кептелістің азаюын көздейді.

Алмаз АХПАРОВ, КАРШЕРИНГТІК КОМПАНИЯНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: 

Мысалға, көп жүргізушілер таңертең жұмысқа келгенде және үйге қайтарда көліккее отырады. Шамамен бір күнде тек 2 сағат қана деп алайық. Ал, біздің көліктеріміз сол екі уақытқа өте тиімді болып отыр. Бір минуты 19 теңгеден басталады. «Anytime каршеринг Қазақстан» қосымшасын телефонға жүктесе болғаны.

Тіркеуге құжат жіберетіндер көп. Өйткені, жүргізуші жалға алған көліктің тек жүрген уақытына ғана ақша төлейді. Жанармай, жуу, техникалық жөндеу, сақтандыру, тұраққа қою қаражаттарының бәрін компания өз мойнына алған. Ал, жаңағыдай жабайылықты тоқтату үшін, жауапсыз жүргізушіге аямай айыппұл салмақ.  

Диас ВАЛИХАНОВ, АВТОБЛОГЕР: 

Мысалға, бір ғана GPS құрылғысын өшіргені үшін 800 мың теңге көлемінде ақша төлейді. Егер бір рет осылай қалтасынан қағылған азамат, қайта жол ережесін, көлік талабын бұзбауға тырысатыны сөзсіз. Бастысы-бізге уақыт керек. Халық ақырындап үйреніп кетеді деп ойлаймын.

Естеріңізде болса, Алматы төрінде сары түсті «Офо» велосипедтері де дәл осындай жалға алу жүйесімен жұмысын бастаған. Ізінше әлеуметтік желілерде оларды ұрлап, бөлшектек сатып жатқаны жарияланды. Ақыры белгісіз себептермен «офо» жұмысын тоқтатқан. 

Олжас НҰРЖАҚЫП, ТІЛШІ: 

«Anytime» осы жобаның кебін кимесе болды. Бірақ, каршеринг 100 дананы екі жүзге дейін көбейтеміз деп белсеніп отыр. Оның үстіне келесі жылы әкімдік көше бойларына электросамакаттар қойып беретіні белгілі.

О.Нұржақып