Русский Сайттың толық нұсқасы

Астаналық дзюдошылар Қазақстан чемпионатына дайын

  • AstanaTV
  • 26 қазан 2018
  • 3155

Астана құрамасының дзюдошылары Қазақстан чемпионатына дайын. Алаң иесі ретінде бізден белдесуге әр салмақ дәрежесі бойынша 4 спортшыдан қатысады. Өткен жылы нәтиже төмен болған. Биыл өз жерімізде аянып қалмаймыз,-дейді спортшылар. Жалпы жарысқа 500ге жуық дзюдошы қатысады. Айта кетсек, Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты алғаш рет өткелі отыр.   

Тауба РАМАЗАН, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: 

13-і мен 16-сы күні Астана қаласында болатын Қазақстан Республикасының чемпионатына дайындық жиынын өткізіп жатырмыз. Барлығы жақсы өтіп жатыр. Спортшылардың барлығы жақсы бапта, жақсы формада. Барлығымыз бірге дайындалып жатырмыз. Астана қаласы қабылдаушы қала болғандықтан әр салмаққа 4 адамнан қатысады. Яғни, 7 салмақ дәрежесінде 4 спортшыдан.  

Дзюдодан Қазақстан чемпионаты отандық спортшылар үшін маңызды. Жарыс қорытындысы бойынша жас дзюдошылар ел құрамасына жолдау алып, халықаралық жарыстарда республикамыздың намысын қорғауға мүмкіндік алады.   

Айгерим АБИЛКАДЫРОВА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: 

Осы жылы дзюдодан Қазақстан біріншілігі өзіміздің қаламызда өткелі жатыр. Бізде дайындық өте жақсы. Алдағы уақытта өзіміздің мақсатымызға жетеміз. Осы жылы енді үздік үштікке кіреміз деген ойдамыз. Себебі, біздің арамызда өте жақсы дзюдошылар бар. Өзіміздің қаламыздың, елордамыздың намысын қорғайтын.