Русский Сайттың толық нұсқасы

Өзбекстандағы елші қызметінен шеттетілді

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2018
  • 2487

Еліміздің Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаев Президент Жарлығымен қызметінен уақытша шеттетілді. Айдың ортасында Мемлекеттік қызмет жіне жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік елші қомақты бюджет қаржысын жымқырған, деп хабарлама таратқан. «Жауапты мемлекеттік қызмет атқара жүріп, елшіліктің әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша атқарылған істер туралы жалған актілерге қол қойған, заңсыз әрекеттерінен келген шығын 140 млн теңгеден асып кетеді», - деген агенттік. Осыған орай комментарий жасаған Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың айтуынша, тергеу министрлік пен министрлікке қарасты мекемелердің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты жүріп жатыр. Арасында Ерік Өтембаев та бар.