Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін Астанада әлеуметтік қызметкерлер күні атап өтілді

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2018
  • 7437

Бүгін Астанада әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби мерекесі бастау алды. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының халық алдындағы есеп беру концертіне мұрындық болған-Астана әкімдігі. Бүгінде орталық мыңнан астам мұқтаж адамға қызмет көрсетеді. Оның 560 мүмкіндігі шектеулі бала болса, 480-і жалғызбасты қарттар. Сондай-ақ, психоневрологиялық ауытқулары бар 18 жастан асқан мүгедектерді де арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етеді.  

Ердәулет АМАНБАЙ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Мүмкіндігі шектеулі жандар мен қоғамның арасында қазір байланыс жоқ. Әлі біздің менталитет қабылдамайды. Сондықтан, мүмкіндігі шектеулі жанмен қоғамның арасында әлеуметтік қызметкер үлкен дәнекерлік сипатта жұмыс жасайды. Яғни, мүмкіндігі шектеулі жанға қоғамға бейімделуге, қоғамды мүмкіндігі шектеулі жандар қабылдауы.

Мерекелік шара барысында жұмысымен ерекшеленген ең үздік әлеуметтік қызметкерлер марапатталды. Жеңімпаз Гүлжан Сембаева осы салада 15 жыл ғұмырын арнап отыр. Осы аралықта ол жалғызбасты қарттардың көңілін аулап, мүмкіндігі шектеулі жандардың қайғысымен бөлісіп, барынша қолдау көрсетіп келеді. Оның айтуынша, бұл сала ең бастысы-сабырлықты талап етеді. 

Гүлжан СЕМБАЕВА, ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР: 

Бізде жұмыс орталығымзға келіп, мамандардың ем-домын алады балалар. Біз өзіміз үйден барып әлеуметтік қызмет көрсетеміз әр балаға. Әрқайсымыз алты бала бөлінген Қазақстан Республикасының стандарты бойынша жұмыс жасаймыз.

Сондай-ақ, орталықтың есеп беру концертінде жас шамасы сексеннен асқан жалғызбасты қарттар да өнер көрсетті. Мүгедектер арбасындағы балалар биі де биледі. Мереке соңында Орталықтың қызметін пайдаланушылардың барлығына бағалы сыйлықтар табысталды.  

Д. Сапарқызы