Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясының барлық қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Өз ісіңді қалай бастау керек?» акциясы өтті

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2016
  • 1693

«Өз ісіңді қалай бастау керек?» Бүгін «Нұр Отан» партиясының барлық қоғамдық қабылдау бөлмелерінде осындай атаумен республикалық акция өтті. Оған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері қатысып, қабылдауға келген кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді. Әсіресе ісін жаңадан бастағалы отырған кәсіпкерлерге бизнес-жоспарларды қалай құру керектігі туралы кеңестер берілді. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы бірқатар маңызды тетіктер түсіндірілді.

Айта өтейік, өткен жылы партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелері 2 мыңнан астам кәсіпкерді қабылдаған. Ал жыл басталғалы 150 адам кеңес сұрай келіпті.

Жұмажан Жүкенов, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары:

Біздің мемлекетімізде 200-ден аса қоғамдық қабылдау бөлмелері болса, сол қоғамдық қабылдау бөлмелерінде біз осындай қабылдау өткіземіз. Тек қана орталық Астанада емес, барлық жерде. Біздің мақсатымыз - сол өкілдері «Даму» қорының, банктің өкілдері барлығы келіп бүгіндей, сол кеңесті берсе, толық айтса.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА