Алматы облысында бақилық болған 2 жасар баланың басыдағы битті тазалау үшін ветеринарлық препарат қолданылған. Дәрігерлер осындай мәлімдеме жасады. Қайғылы жағдай Талғар ауданына қарасты Туғанбай ауылында болған. 5 және 2 жастағы бүлдіршіндердің шашына түскен битті тазалау үшін ересектер «Неоцидол» атты ветеринарлық препаратты пайдаланған. Дәрі кері әсер беріп, балғындар жергілікті емханаға жеткізілген. Бірақ, удың ағзаға таралып кетуінен кішісі көз жұмған.
Асқар ҚАЛИЕВ, АЛМАТЫ АЙМАҚТЫҚ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Құсу, лоқсу, әлсіздік. Осындай шағымдармен келді. Сұрастыра келе анализ жинағанда анасының айтуынша жаңағы баланың басындағы шашты аймақтан биттерін жою үшін «неоцидол» деген препаратпен басын жуған. Сол интаксикацияға қарсы дәрілер қолданылып, содан баланың жағдайы динамикада түзеле бастады. «Неоцидол» медицинада қолданылмайды. Бұл ветеринарлық практикада қолданылатын препарат.
2 жасар бүлдіршіннің өліміне кінәлі адам анықталса үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Облыстық ішкі істер департаментінде аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ал, полиция қызметі бұл қайғылы жайтқа нақты кімнің кінәлі екендігі белгісіз дейді.
Көбейхан НҰРАХМЕТ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Бұл жерде нақты бір адамды кінәлауға әлі ерте. Жалпы, оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 104-ші бабы, яғни, «Абайсызда қазаға ұшырату» фактісімен тергеу жұмыстары жүргізілуде. Осы істің нәтижесіне сай кінәлі адам міндетті түрде жазаға тартылатын болады.
О. Нұржақып