Русский Сайттың толық нұсқасы

ОСК электоралды кезеңдегі заң нормаларымен таныстырды

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2016
  • 2506

«Сайалуалды үгіт-насихат жұмыстары заң аясында, адал жүргізілуі тиіс». Орталық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Владимир Фоос осыған басымдық берілетінін айтты. Айта өтейік, бүгін комиссия мүшелері саяси партиялардың өкілдерін жинап, үгіт-насихат нормаларымен егжей-тегжейлі таныстырды.

Заң бұзылған жағдайда, жаза қатаң екені ескертілді. Тіпті Орталық сайлау комиссиясы кандидатты тіркеуден шығаруға дейін құқылы. Фладимир Фоос, сондай-ақ, жауапты тұлғаларды таңдауда да мұқият болуға шақырды. Олар заң нормаларын жақсы білетін, сауатты адамдар болуы шарт. Шектеулерге келетін болсақ, саяси додаға түскендерге лото, қайырымдылық шараларын өткізуге тыйым салынады. Бірақ спорттық және ойын-сауық  шараларын өткізуге рұқсат бар. Көрнекі құралдардан тек жалау, белгі және брошюра таратуға болады. Өзгенің барлығы заңсыз болып есептелмек.

Владимир Фоос, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төраға орынбасары:

Жейделер, бас киім, өзге де киім түрлері арқылы үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады. Бұл босқа ақша шашу деп білеміз. Сайлау қатысушылары сайлау заңнамасының ережелерін сақтап қана қоймай, лас саяси технологияларды қолданбай, сайлауалды күресті адал жүргізгені маңызды.

Еске салайық, 20 ақпан күні сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басаталады. Электоралды кезең 18 наурызға дейін жалғаспақ. 19 наурыз - үгіт тоқтатылады. Ал жергілікті мәслихаттар мен Мәжіліс депутаттарын сайлау 20 наурыз күні өтеді.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА