Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде лифтілердің сапасын анықтайтын ұлттық стандарт әзірленді

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2018
  • 2189

Елде лифтілердің сапасын анықтайтын ұлттық стандарт әзірленді. Бұл туралы Инвестициялар және даму вице-министрі брифинге мәлімдеді. Бірыңғай жүйе енді қондырғы орнататын компанияларды талапқа сай жұмыс істеуге міндеттейді. Соңғы кезде жеделсатыдағы ақаулардан қайғылы оқиғалар көбейіп кетті. Вице-министр жаңа жүйе лифт орнатушы компания жауапкершілігін күшейтеді деп отыр.  

Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Алдымен осы стандартты орындамағандар әкімшілік-қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Екінші жағы-қаржыландыру. Біз тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнамамен қаржыландыру мәселесін шештік. Әкімдіктерге жергілікті бюджеттен лифтілерді ауыстыру үшін қаржы бөлу мүмкіндігін беріп отырмыз. Бірақ, ол қайтарымды болады.

Елде 78 мыңнан аса тұрғын үйдің 20 мыңнан астамы күрделі жөндеуді қажет етеді. Оның екі жарым мыңнан астамы апатты жағдайда. Жоспар бойынша соңғы екі жыл ішінде 2 жарым мыңнан астам үй жөнделмек.  

А. Бектас


https://youtu.be/eW55Sd2tT1k