Русский Сайттың толық нұсқасы

2 жылда 8 күн электр стансасы салынады

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2018
  • 3770

Алдағы екі жылда елде сегіз күн электр стансасы салынады. Баламалы энергия көздерін өндіру үшін Энергетика министрлігі биыл аукцион арқылы компанияларды іріктеген. Нәтижесінде қуаттылығы 858 мегаватт болатын 36 жоба таңдалды. Осылайша, алдағы үш жылда 6 жел электр стансасы, 4 жыл ішінде 2 гидроэлектр станса салынбақ. 

Александр ШКАРУПА, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

ГЭС пен ЖЭС бойынша қатысушылардың сұранысы екі есеге көп болды. Аукционда күннен қуат алуға сұраныс тіпті жеті есеге асып кетті. Бұл біріншіден, елдегі күн энергиясының әлеуеті және күннен қуат алу жеңілдігімен түсіндіріледі.  

Қатысушылар тарапынан қызығушылық жоғары болды. 113 компания өтініш білдірген. Олар Қытай, Ресей, Түркия, Франция, Нидерлады сияқты мемлекеттерден. Шетелдіктер ұзын-саны 7 жобаны жеңіп алды.  

М. Дюсекина