Русский Сайттың толық нұсқасы

Прокуратура: Әзірге медициналық анықтамалар ақылы болады

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2018
  • 2714

Әзірге медициналық анықтамалар ақылы болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау минстрлігі хабарлады. Тұрғындарға қажетті наркологиялық, психонервралогиялық және туберкулезге қарсы анықтамалар тек қарашаның соңында тегін берілмек. Ол кезде медициналық құжатты электронды түрде алуға болады.  

Бейбіт ЕСЕНБАЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ: 

Әзірге мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа стандарты дайындалу үстінде, ескісі қолданыста. Олар әзірге әр өңірде әртүрлі бағамен сатылады. Жуырда тегін медицналық анықтамаға қатысты үкімет қаулысы шықты. Осы қаулыға сәйкес біз қазір жаңа стандартты дайындап жатырмыз. Бұл құжат тек қазан айының соңына қарай күшіне енетін болады.

Алайда, бүгін Шымкент қаласының прокуратурасы жергілікті медициналық ұйымдар 5 жарым млн. теңгеге медициналық анықтама сатты деп айыптады. Олардың мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік қызмет реестріне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2 қазаннан бастап медициналық анықтамалар тегін берілуі қажет.  

Д. Сапарқызы