Бүгін президент «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы
Сауат Мыңбаевты қабылдады. Онда
компанияның жоспары мен оны дамытудың
негізгі бағыттары бойынша дағдарысқа қарсы шаралар талқыланды. Кездесу соңында
ұлттық компания басшысына бірқатар тапсырмалар жүктелді.Нұрсұлтан Назарбаев
бүгін Ішкі істер министрін де қабылдады. Екеуара кездесуде құқық қорғау жүйесін
жетілдіру жайы сөз болды. Президенттің айтуынша, «100 нақты қадам» Ұлт
жоспарына енгізілген механизмдер құқыққорғау саласының қызметін тиімді атқаруға
септігін тигізеді. Ал кездесу соңында Қалмұханбет Қасымовқа сайлау науқаны
кезінде құқықтық тәртіпті қадағалауды тапсырды.