Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлеуметтік қызметкерлер-олар кімдер?

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2018
  • 5753

Елімізде небары 50-60 мың теңге жалақы алып, күн көріп отырған кәсіп иелері көп. Солардың бірі-әлеуметтік қызметкерлер. Аты дардай болмаса да, бұл мамандардың жүгі ауыр. Рахима Әмірованың бұл салада жүргеніне 10 жыл. Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығына бастапқыда мүгедек баласына көмек сұрап келгенін айтады. Сол кезде мұндағы адамдардың өз ісін шынайы ниетімен атқаратынын көрген. Кейін өзі де әлеуметтік қызметкер болып орталыққа жұмысқа орналасады. Айтуынша, бұл өте жауапты қызмет. Қазір оның қарауында мүмкіндігі шектеулі 6 бала бар. Әрбіріне аптасына екі рет барып, түрлі бағытта көмек көрсетеді.  

Рахима ӘМІРОВА, ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР: 

Қазіргі қымбатшылық заманында 65-67 мың деген ақша емес қой. Бірақ, маған өз жұмысым ұнайды. Өйткені, біздің қызметке балалар, олардың ата-анасы мұқтаж. Шетелде бұл кәсіптің мәртебесі жоғары деп естідім. Ол жақта бұл мамандыққа құрметпен қарайды. 

Жуырда ғана елімізде әлеуметтік қызметкерлер күні аталып өтті. Осымен төртінші жыл ресми түрде тойланатын кәсіп иелерін біздің қоғам қаншалықты таниды? Олардың жұмысына тағы кімдер мұқтаж? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын ертең «Біздің Уақыт» апталық-сараптамалық бағдарламасына арнайы әзірленген материалдан көре аласыздар.  

Ә. Мұхитова