Русский Сайттың толық нұсқасы

Орталық сайлау комиссиясы есептен шығару куәліктерін беру тәртібін түсіндірді

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2016
  • 2112

Сайлаушылар Қазақстанның кез келген жерінде жүрсе де, дауыс бере алады. Тек тұрғылықты мекен-жайынан есептен шыққандығы туралы куәлігі болса болғаны. Бүгін Орталық сайлау комиссиясында есептен шығару куәліктерін беру тәртібі түсіндірілді.

Куәлік сайлаушыға немесе сенімхат бойынша оның сенімді өкіліне беріледі. Үлестіру 19-ы күні кешкі 18:00-де аяқталады. Ең бастысы, есептен шығару куәлігін алған сайлаушы келген жеріне бірден тіркеуге тұруы керек. Дауыс беру 20-сы күні барлық бөлімшелерде жергілікті уақыт бойынша таңғы 7-ден кешкі 20.00-ге дейін жүреді.

Марат Сәрсембаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Егер сайлау күні дауыс беруші мүгедектік немесе отбасының сырқат мүшесіне күтім жасаған жағдайда, сондай-ақ сайлау учаскесі құрылмаған жағдайда, қатынасуы қиын жерде болғанда, сайлау учаскесіне келе алмайтын болса, ол учаскелік сайлау комиссиясына үйде дауыс беруді ұйымдастыруға өтініш жасауға құқылы. 

Құралай ПИОНЕР