Елімізде 15 қарашаға дейін тұрғындарды міндетті медициналық көмек көрсететін емханаларға тіркеу науқаны жүргізіледі. Осы орайда Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы астаналықтарды ақпараттандыру үшін арнайы акция ұйымдастырды. Онда білікті дәрігерлер қала тұрғындарын түрлі диагностикалық тексерістен өткізді. Демалыс күні ойын-сауық орталығына келген тұрғындар тегін флюраграфиядан өтіп, қан қысымын өлшетіп, холестерин мөлшерін анықтады.
Нұрлыбек ҚАБДЫҒАПАРОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӘМСҚ ҰАҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Қазақстан бойынша емханаларға тіркеу, өз мекенжайы бойынша қабылдау арқылы науқан жүріп жатыр. Ол 15 қарашаға дейін жүреді. Осыған байланысты біз Астана қаласы тұрғындарынан өздеріне жақын орналасқан емдеу мекемелеріне тіркелуді сұраймыз.
Айнұр СЕРГЕЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Адамдар дүйсенбіден жұмаға дейін жұмыста болады. Ал, мына жерде демалыс күні тегін тексерістен өтесің. Тіпті, балалармен де келуге болады. Өте пайдалы іс-шара деп ойлаймын. Тұрғындарды осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамын. Өйткені, денсаулық бар байлық.
А. Бектас