Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда тегін тамақ беретін асхана ашылды

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2018
  • 5415

Ал, Алматыда қолы ашық азаматтардың ұйытқы болуымен қайырымдылық асханасы ашылды. «Уақып» деп аталатын дәмхана күніне үш уақыт, аптасына бес күн бойы тегін тамақпен қамтасыз етеді. Мұнда бір мезетте әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған 120 адамға дейін ыстық ас ішуге мүмкіндік бар. Оларға арнайы тағайындалған 8 даяшы қызмет көрсетеді. Ұйымдастырушылар күніне бір рет кірген адамның екінші қайтара кіруіне де мүмкіндік береді. Бастама Бас мүфтидің қайырымдылыққа үндеу шарасына қатысты қолға алынған. Келушілер асханаға Алматы Орталық мешіті жанындағы «Ықылас» қайырымдылық қауымдастығынан алынған арнайы талондар арқылы ғана кіре алады. Ұйымдастырушылар мұндай игі бастамалар көпке үлгі болып, одан әрі жалғасын табады деп сенеді.  

Еркінбек қажы ШОҚАЙ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ:  

Аптасына бес күнде, таңғы түскі және кешкі ас дайындалып беріледі. Оның білгілі бір тәртібі болуы үшін арнайы талон таратылып, соның негізінде асханаға келіп әрбір, тамақ ішуді қалаған, әсіресе мұқтаж жандар асхананың қызметін пайдала аналады. Бұл бүгін басталған іс емес. Тарихта уақып қызметтері болған. Бұл соның жалғасы деп әбден айтуға болады.

Р. Асқарбекұлы