Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарлық эпидемиологтар денсаулыққа зиянды қытай қуыршағын анықтады

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2018
  • 4603

Павлодарлық дәрігерлер адам денсаулығына қауіпті Қытайда жасалған ойыншықтарды әшкереледі. Балалар арасында танымал «Лол» қуыршағын тексерген мамандар оның құрамында зиянды заттар мөлшері шамадан тыс екенін айтады. Белгілі болғандай, тексерілген 85 ойыншықтың 25 пайызы талапқа сай емес. Қателіктердің дені таңбалау ісінде,-дейді қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері. Қытайлық ойыншықтардың көбі өндірушісі туралы деректен жұрдай. Кейбірінде тіпті тиісті мәліметтің мемлекеттік тілдегі нұсқасы жоқ. Тексерістен кейін талапқа жауап бермейтін 20-жуық қуыршақ дүкен сөрелерінен алынған.   

Ғалымбек АЛИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 

Қытайда өндірілген «Лол» қуыршағының үлгісінен стирол және формальдегидтің шектен тыс мөлшері анықталды. Оның көп болуы аллергиялық аурулар мен жалпы жағдайдың нашарлауына алып келеді. Кезектен тыс тексеріс болды. Қуыршақты сатқандарға әкімшілік сипаттағы жаза қолданылып, айыппұл салынды.