Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұрлы жер» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2018
  • 2387

Құрылыс пен инфрақұрылым тартудағы кемшіліктер Үкіметке де жетті. Еліміздің бірқатар аймақтарында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған дайын үйлерге жұрт қоныстана алмай отыр. Өйткені, оларға су, жарық, жылу мен жол тартылмаған. Аталмыш бағдарлама бойынша Инвестиция және Даму министрі Жеңіс Қасымбектің есебін тыңдаған Бақытжан Сағынтаев министрлік жұмысын осылай деп сынға алды.  

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР МИНИСТРІ: 

Мысалы, үй салынған. Бірақ, инфрақұрылымы жоқ обьектілер: Петропавлда 5 қабатты үш үй бар 231 пәтер, 2017 жылдың қараша-желтоқсанында салынған, бір жыл бұрын инфрақұрылым жоқ, Семейде 10 қабатты үш үй , Ақтөбеде Нұр Ақтөбе шағын ауданы, 2018 тамыз айында салынған, Шымкентте Тұлпар шағын аданы үш қабатты 8 үй, 2018 сәуір тамыз айныда салынған. Бірақ, инфрақұрылым жоқ. Бұған аса назар аудару қажет.

Биылғы 9 айда ел бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аяында 9 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілген. Яғни, 77 мыңнан астам отбасы қоныс тойын тойлады деген сөз. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш әлі де үш миллионға артады деген жоспар бар. Бағдарлама аясында тұрғындарға жер телімдерін үлестіру шарасы да көш соңында келеді екен. 40 мыңға жуық телімнің әлі жартысына да тиісті желілер тартылмаған.   

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚР ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ: 

Бұрын білетінсіз, участоктар берілетін, оның жартысы инфрақұрылыммен, жартысы инфрақұрылымсыз, ол ертеңгі күні жаңа проблема болатын еді. Қазір тек қана инфрақұрылымы бар участоктар ғана берілетін болды. Осы жылдың жоспары 40 мың участок,сол 40 мың участоктың бәрі беріледі деп бүгін әкімшіліктер бәрі баяндады.