Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандылық монополисттер халықтың 1 млрд 1 млн теңгесін қайтарады

  • AstanaTV
  • 08 қараша 2018
  • 3657

Қарағанды облысында 6 монополист халықтан 1 млрд. 1 млн теңгені заңсыз жинаған. Тұтынушылар тариф үшін талай жыл артық ақша төлеп келген. Прокурорлар осылай деп отыр. Монополист компаниялар заңсыз тапқан табысты тұтынушыларға қайтарып беруге міндеттелген. Олар болса, ақшаны жылу мен жарық бағасын арзандату арқылы қайтарамыз деп отыр. Өңірде қараша айынан бастап тариф төмендейді. Мысалы, электр желісіне жауаптылар тоқты шамамен 3-4 теңгеге арзандатса, «Қарағанды жылу» ақысын небәрі 15 тиынға төмендетті. Кеншілер шаһары мен Балқаш қалаларында жылудың орташа тарифі 25 теңгеге арзандаған. Осылайша, артық алған ақша бір жылда кері қайтады деді. Айта кетейік, тұрғындардың қалтасын қаққан компаниялар 42 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл төлепті.  

Нұрсұлтан ҚАЛДЫРБАЙ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қарағанды облыстық прокуратурасы 6 монополистің тарифтерді қалыптастыру барысында 1 млрд теңге сомасынан астам бұзушылықтарға жол бергені анықталды. Прокуратура органдарының қабылданған шаралары арқасында облыстың 462 мыңнан астам тұтынушыларының құқықтары қорғалды. 

А. Қуаш