Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданбақ

  • AstanaTV
  • 08 қараша 2018
  • 2397

Астанада Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданады. Сондай-ақ, 4 халықаралық шартқа қол қойылмақ. Ұйым саммитіне оған мүше елдердің барлығы қатысып жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев 4 ел басшысы мен Армения премьері Никол Пашинянді құрметпен қарсы алды. Саммитте 23 мәселе қаралады. Президенттер халықаралық, өңірлік қауіпсіздікті, ұйымға мүше елдердің халықаралық арендағы қарым-қатынастарын да сөз етпек. Биыл ұйымға Қазақстан төрағалық етті. Оның қорытындысы да жиында тыңдалады.   

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

В рамках сессии будет заслушана информация секретариата ОДКБ, подведены итоги председательства Казахстана в 2018 году, обсуждены актуальные вопросы обеспечения коллективной безопасности наших стран. Также кыргызская сторона представит приоритеты направления своего председательства в ОДКБ.

Қазіргі уақытта отырыс жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Онда ақпараттық саясатты үйлестіру мен заңсыз көші-қонға қарсы ұжымдық жүйені дамыту жоспары құрылады. Ал, мемлекет басшылары халықаралық террористік ұйымдар қатарында қарулы қақтығыстарға қатысқандар туралы мәлімдеме жасамақ. Айта кетейік, ұйымға Қазақстаннан өзге Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Тәжікстан мен Армения мүше.  

Г. Меңдеева