Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да коммуналдық қызмет бағасы арзандады

  • AstanaTV
  • 09 қараша 2018
  • 2152

Батыс Қазақстанда электр қуаты мен жылу бағасы арзандады. Прокурорлық тексеріс кезінде «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» 72 миллион теңгені тарифке заңсыз қосқанын анықтапты. Енді осы соманы өтеу үшін электр қуаты 10 тиынға арзандатпақшы. Сондай-ақ, жаңа жылдан бастап, жылу бағасы да 78 теңгеге төмендейді. Өйткені, «Жайық жылу қуат» акционерлік қоғамы 50 миллион теңге артық шығынды тариф бағасына қоса салған. Мұндай келеңсіздік облыстағы Ақсай қаласында да анықталды.  

Бауыржан АХМЕТЖАН, БҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ: 

Тексерістің нәтижелері «Ақсай жылу қуат» мемлекеттік кәсіпорнымен бекітілген Ақсай қаласының тұрғындары үшін жылу қуатын пайдалану құнын 5452,95 теңгеден 5335,97 теңгеге төмендетілді. Бұл жерде «Ақсай жылу қуат» кәсіпорны тарифке жеке ұйымның 11 млн 300 мың теңгеге есептегіш құрылғыларды қондыру қызметін қосқан. Алайда, дәл осы жұмысты өздері жасай алады. 

Е. Карин