Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысында ескі темір жол желісі қалпына келтірілмек

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2018
  • 3719

Солтүстік Қазақстан облысындағы ескі темір жол желісін қайтадан салуды ресейлік инвестор қолға алмақ. Нақтырақ айтсақ, Омбыдағы қазақ Талғат Құттықожинов шашамен 100 шақырымға созылатын темір жолды қайта салмақ ниетте. Көлік бағыты Уәлиханов ауданындағы «Қызыл-Ту» станциясынан Ресейдің «Русская поляна» елді-мекеніне тартылмақ. Желі іске қосылса, Көкшетау мен Омбы қалаларының арасы екі есеге қысқарады. Кеңес одағы кезінде «Қызыл-Ту-Русская поляна» шойын жолы болған. Кейін тоқырау заманында оны тұрғындар бұзып тастаған,-деді инвестор. Жаңа темір жол желісін олар екі жылда салып бітіруді жоспарлап отыр. Жоба құны 18 миллиард теңгеге бағаланыпты. Қаражаттың тең жартысын инвесторлар өздері құймақ. Ал, қалған бөлігін олар Еуропалық даму және қайта құру банкінен алуды жоспарлап отыр.  

Талғат ҚҰТТЫҚОЖИНОВ, ИНВЕСТОР: 

Көкшетау мен Омбының арасындағы жол 300 шақырымға қысқарады. Жүк тасымалы жылына 6 миллион тоннаға, ал жолаушылар тасымалы 700 мың адамға өседі, деп жоспарлап отырмыз. Петропавлда өткен халықаралық форумда біз «Қазақстан темір жолы» компаниясымен келісімге келдік. Енді бұл жобаны Ресейдің көлік министрлігі қарастырып жатыр.

А. Құрманкин