Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай қасарысуын қойып, саясатын өзгертпесе, АҚШ пен оның серіктестері қырғи-қабақ соғысқа дайын

  • AstanaTV
  • 14 қараша 2018
  • 3082

Егер Қытай қасарысуын қойып, саясатын өзгертпесе, АҚШ пен оның серіктестері қырғи-қабақ соғысқа дайын. «Washington Post» басылымына сұхбат берген АҚШ вице-президенті осылай,-деп мәлімдеді. Майк Пэнс арадағы саяси соғысты тоқтатуға Қытайдың соңғы мүмкіндігі барын атап өтті. Ол-тез арада экономикалық, әскери және саяси қызметке ауқымды өзгеріс енгізу. Дегенмен, Вашингтон мен ресми Бейжің арасында түйіткіл Аргентинада өтетін екі ел басшысының кездесуінде шешіледі. Еске салайық, АҚШ шілдеде Қытайға 34 миллиард АҚШ долларын құрайтын 25 пайыздық баж салығын енгізген. Қытай тарапы да қарымта жауап қайтарды. Кейін АҚШ тарифтерді 10 процентке көтерген соң, Қытай тауарларға 60 миллиард АҚШ долларын құрайтын 10 және 5 пайыздық салық салды.  

Майк ПЭНС, АҚШ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз кез келген жағдайда өзімізді мықты позицияда тұрмыз деп есептеймін. Қазір біздің тараптың тарифтері 250 млрд долларды құрайды. Біз бағаны екі есеге дейін көтере аламыз. Енді Қытай саясатын өзгертуі керек. Шешімді күтеміз. 

А. Бектас