Русский Сайттың толық нұсқасы

Жалпыхалықтық диктанттың қортындысы латын әліпибіне орай бетбұрыс жасай ма?

  • AstanaTV
  • 14 қараша 2018
  • 3549

Бүгінгі латын емелесі бойынша жазылған бүкілхалықтық диктанттан соң жаңа шешім қабылдануы мүмкін. Бұл туралы Алматыда жалпыхалықтық дикант ұйымдаструшылары мәлімдеді. Диктант не үшін қажет болды? Тілші тарқатады.  

Бүгін бір мезетте республика бойынша 2 млн. адам латын емлесімен диктант жазуға отырды. Астанада ондаған аудитория арнайы дайындалған. Мұнда министрлер, елге танымал тұлғалар мен өнер жұлдыздары да келді.  

Майра МҰХАМЕДҚЫЗЫ, ОПЕРА ӘНШІСІ: 

Латын әріптері маған қиын емес. Өйткені, Қытайда біз қазақ тілі жазуларының бәрін латын әріптерімен жазатынбыз. Бірақ, осында кейбір айырмашылықтары бар: «ғ», «ң», «ү» дегендер қытайда басқаша жазылады.

Бұл ғимаратта Қазақстан тәуелсіздігі туралы декларация қабылданған болатын. Бүгін мұнда тағы да бір мемлекеттік маңызды шара өтті. Жиналғандар талап бойынша 90 сөзден тұратын мәтінді қағазға түсіруі тиіс. Алматыда 120 мың адам диктант жазуға ықылас танытқан. Сағат 11-00-де радиодан арнайы бекітілген мәтін оқылды. Адамдарға белгілі бір жерге топтаспай-ақ үйде немесе жұмыс орнында отырып диктант жазуға да мүмкіндік берілген. 

Бақыт ҚАЛЫМБЕТ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 

Бұл жерде ешкімнің қаншалықты білетіні, қаншалықты жаза алатыны бағаланбайды. Өйткені, осының қорытындысы арқылы ары қарай латын әліпбиін енгізуге байланысты қандай жұмыстар жүргізу керек деген сияқты мәселелер пайда болады. Әліпби, емле-ереже, үйретуге байланысты әдістемелерді дайындауға осы диктанаттардың қортындысы ғалымдар тарапынан пайдаланылатын болады.

Диктант қортындысын арнайы жұмыс тобы алдағы күндері жария етпек. Президенттің биылғы 19 ақпандағы жарлығымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жоспары бекітілген еді.  

Р. Асқарбекұлы