Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде алғаш рет роботтың көмегімен 14 ота сәтті жасалды

  • AstanaTV
  • 14 қараша 2018
  • 4143

Елде роботтың көмегімен 14 ота сәтті жасалды. Президент ісі басқармасының ауруханасында тұңғыш рет роботтандырылған хирургия кешенді орталығы ашылды. Дәрігерлердің айтуынша, бұндай заманауи ота түрі урология, гинекология, хирургияда тиімді әдіс. Клиникада әзірге 6 маман Италиядан әкелінген роботтың көмегімен ота жасауды үйренген. Ақ халаттылардың айтуынша, ота жасау кезінде қолдың дірілін толық жойып, науқастан шамадан тыс қан кетуін болдырмайды. 

Гүлбарам БАШАРЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІСІ БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ OРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ АҒА ДӘРІГЕРІ:  

Біздің ауруханада бірінші робот операцияны мен жасадым. Енді роботооперациялардың барлығын біздің ауруханада роботтармен жасайтын боламыз. Өте жақсы тәсіл. Өйткені, осы оталардан кейін науқастарда тыртық қалмайды. Ауруханада болу уақыты да азаяды.

Роботтандырылған хирургия орталығының жұмысын бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көріп қайтты. Елбасы заманауи әдіспен ота жасатқан науқастардың жағдайын сұрап, роботтандырылған медициналық кешеннің жоспарларымен танысты. 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Мынау жасалып жатқан операциялар тек қана Қазақстанда емес, бүкіл біздің өңірде ең тұңғыш аппарат болып саналады. Сондықтан, еліміз үшін елдің денсаулығы үшін бұл үлкен бастама. Роботты қолдану әр жерде болмайды. Осы арқылы біз өзіміздің мамандарды үйретіп жатырмыз. Давид Самдимен Нью-Йоркта кездескенмін. Ол дүниежүзінің ең алдынғы қатарлы хирургтарының біреуі.

Мамандардың сөзінше, роботтандырылған хирургия әсіресе, онкологиялық оталардың сапасын арттырады. Отадан кейін науқастарға тіпті қосымша тексеру мен химиятерапиядан өтудің қажеті жоқ.  

Д. Сапарқызы